2018 жылдың 7 технологиялық тренді немесе әлемдегі ең ірі технокөрмеден не күтуге болады?

2
335

Бірнеше күннен кейін барлық технологиялық әлем Лас-Вегасқа бет бұрады. Ол жерде Consumer Electronics Show —  жаңа гаджеттердің, электрониканың, техниканың, автокөліктердің және басқа да құрылғылардың жыл сайын өткізілетін көрмесі өтеді. Жыл сайын бізге одан әрі жоғары сапалы теледидарларды, одан әрі жылдам дрондарды, өздігінен жүретін алуан түрлі көлік түрлерін және одан да көп тасымалды құрылғыларды ұсынады. Сонымен, осы ретте біз не күтеміз?

CES — әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі

  1. AR (толықтырылған шынайылық) алға шығып, VR-ды (виртуалды шынайылық) екінші орынға ығыстырады.

Виртуалды шынайылық нарықта өзін жақсы көрсеткен үш коммерциялық VR құрылғылары арқылы үйреншікті жағдай ретінде қарастырыла бастады, сондықтан «келесі үлкен нәрсе» болатын индустрияға ұқсамайды. Бірақ адамдардың көбі әлі VR-ды қолданып көрмеген, себебі кейбір құрылғылар әлі де қымбат жабдықты қажет етеді және де олардың түгелге жуығы ойын қоғамында шоғырланған. Талдаушылардың пікірі бойынша, бұл сала өзін негізгі тұтынушылық өнім ретінде көрсетуі үшін VR-ға тағы бірнеше жыл қажет.      

VR басқа жерлерді мен жағдайларды шынайы түрде көрсетеді: адам өзін сол жерде шынымен болғандай сезінеді

Ал AR-дың жағдайы өзгеше. Pokemon Go қосымшасы, Apple-дің ARKit бағдарламасы, сонымен бірге смартфондардың камераларының жалпы дамуы және селфиге күлкілі, кейбір кездерде қажетсіз толықтыруларды қосу арқасында толықтырылған шынайылық саласы жаңа импульс алды. CES көрмесі VR-мен қоса барлық алға жетелейтін ойлар мен жаңа түптұлғалардың орны болады. AR үшін ол ғылыми фантастикада көрген футуристикалық техникаға ұқсас көзілдіріктерді білдіреді.
AR көзілдіріктерін киюдің мысалы

  1. Электр автокөліктердің концептілері

CES көрмесі қозғалыстың әдеттегіден тыс және ерекше тәсілдері туралы армандардың басты шоуы болды. Бірақ алдыңғы жылдардағы көрген жай ғана жаңа автокөліктердің түптұлғаларын көрсетудің орнына, бұл жылғы шоу көбінесе осы автомобильдердегі технологиялар және олар қандай отынмен жүретіні туралы болуға тиіс. Ford-тың жаңа директоры Джим Хакетт сейсенбі күні, 9 қаңтарда сөз сөйлейді. Оның «ұтқырлық», «көліктің болашағы» сияқты кілт сөздері бар баяндамасы әсерлі болатынына ешбір күмән жоқ. Бұл Хакеттің көптен күткен баяндамаларының бірі. Ол Силиконды алқабпен жақын қарым-қатынастарды орнату үшін тағайындалған болатын (бұрын ол Ford-тағы Smart Mobility бөлімшесін басқарды), сондықтан ол әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірінің болашағын қалай жасайтыны туралы естуге мүмкіндік бар. Тесла ірі үш автоөндірушінің кез келгені үшін әдеттегідей мықты бәсекелес болып табылады. Бірақ «технологиялық компания» мен «автомобильді компания» арасындағы кеңістікті толықтыруға ұмтылатын басқа да өндірушілер бар. Олардың көбі CES көрмесіне өзінің автономды автомобильдерімен, өздігінен жүргізу технологияларымен, электр скутерларымен және футуристикалық көлікке қатысты идеяларымен келеді.

Өткен жылы CES көрмесінде болған футуристикалық көліктердің бірі

Қалған барлық автоөндірушілер де CES көрмесіне белгілі бір түрде қатысады. Бұл компаниялардың қатысуы жыл сайын Женевада көретін түптұлғалардың соқтығысы болмайды және басқа шоуларда көретін нәрселерге ұқсас болмайды. Бірақ, кейбіреулері бізді таң қалдыруы мүмкін. Көрме залы ақылды скутерлерге, ерекше скейтбордтарға және басқа да қызық көлік түрлеріне толы болады.    

  1. «Ультра күшті» 4К HDR форматын қолдайтын жаңа теледидарлар.

CES 2018 көрмесінде 4K HDR форматын қолдайтын  теледидарларға толы сөреге дайын болыңыздар. Соңғы кездері UHD телевизорлардың бағасының түскені соншалықты, олар тіпті FullHD түрдегі теледидарларлардың бағасымен теңесті.
Жоғары динамикалық диапазонды бейне (HDR) одан әрі дамиды. CES көрмесінде ұсынылған жаңа теледидарлардың көбі Dolby Vision мен HDR10 қолдайтыны деп күтілуде.

Жаңа заманның теледидарлары басқа жерлерге апаратын терезе сияқты көрінеді

Сонымен бірге біз жаңа 8K-дисплейлерін, мөлдір экрандарды және басқа да қиялды толғандырар түптұлғаларды көреміз. Нәтижесінде олар жай ғана түптұлғадан артық болып шығады.
CES 2018 көрмесінде біз осылардың барлығын бұрын бір жерде көргендей ойда боламыз, бірақ экрандар бәрібір өте әдемі болады.

  1. Киілетін құрылғылар денсаулыққа көбірек «көңіл бөледі».

CES-тегі «Киілетін құрылғылар» әдеттегідей кең санат болып табылады. Оған GPS-сағаттан бастап құлаққаптары бар бас киімдерге дейінгі, AR көзілдіріктерінен бастап «ақылды» іш киімге дейінгі заттар кіреді. Бірақ бір маңызды тенденция байқалады: денсаулық. Оның ішінде медициналық құрылғылар, әлі қабылданбаған медициналық құрылғылар және кейбір «медициналық» құрылғылар. Соңғылары кей кезде денсаулықты бақылайтыны туралы жалған мәлімдеме жасайды.

Денсаулық — киілетін құрылғылардағы айқын тенденция

Осы жылы Fitbit және Polar компанияларында өзінің стендтері болмайды. Киілетін құрылғылар санатындағы стендтердің саны азайды: 2017 жылы 82 стенд болса, 2018 жылы 51 стенд.

  1. Ақылды үй

CES көрмесінде көп жыл бойы ақылды үй гаджеттері көрсетілген болатын. Қазіргі кезге дейін олар қолжетімсіз болды, бірақ қарапайым орнату мен телефондарға қосылу және дауысты көмекшілер арқасында жаңа деңгейге шықты. Бірнеше жыл ішінде ақылды үй технологиялары негізгі заттарды қолданатынын көрдік: әдеттегі шамдар, розеткалар, дауыс зорайтқыштары, есік тұтқалары және т.б.

Шамдар — ақылды үй технологиялары қолданатын негізгі заттардың бірі

Осы жылы компаниялар жаңа түрдегі құрылғыларға дейін смартфондармен қамтуды кеңейтетіні және қолданыстағы санаттар аясындағы өзінің ұсыныстарын кеңейтетіні күтілуде. Мүмкін, сіздерде қосылған шам бар болса да, бірақ үйіңіздің айналасында қосымша жарық қоятын басқа да жерлер бар шығар.
Бірақ бұл CES көрмесі екенін ұмытпаңыздар, сондықтан біз кейбір елестей алмайтын смарт-гаджеттерді күтудеміз. Қазір олар сізге күлкілі болып көрінеді, бірақ қызықсыз (интернетке қосылмаған) құрылғылар болашақта ақылдырақ (одан да қайда ақылдырақ) бола алатынын көрсете алады.

  1. PC-дегі ойындар қайтадан үлкен сұранысқа ие болады.

2017 жыл компьютерлік ойындар үшін мықты жыл болды. Бүгінгі күні ойындар саласына арзанырақ немесе қарапайымдырақ кіру әлдеқайда оңай. Арзан периферийлік құрылғылар, VR және графикалық ойындар үшін ДК-дің (дербес компьютердің) дайын жинақталымдары қолжетімді. Енді оңай түрде Steam кітапханасын құруға болады. Бұл CES көрмесі көптеген ДК-ге арналған ойындық керек-жарақтарға, түптұлғаларға, VR арналған жаңа жабдықтарға толы болатынын білдіреді. Сонымен бірге, GPU корпустарының технологияларында бірқатар жетістіктер болуға тиіс, олар ноутбуктер мен ДК жұмысын жеңілдетеді, яғни жоғарғы өнімділікті графикалық картаны орнатуды қажет етпеуі тиіс. Бұдан басқа, бұлтты ойындар үшін аппараттық және бағдарламалық қамтама күтілуде. Олар арқылы ойындарды бұлтта орналасатын қуаттарда ойнауға және жоғарғы өнімділікті жабдықтан бас тартуға мүмкіндік береді.

PC-дегі ойындар қайтадан үлкен сұранысқа ие болады

  1. Бьюти гаджеттер өз тауашасын табады.

Біз үйлерімізде интернетке қосылған ақылды айналар мен тарақтар болатын күнді күттік. Жалпы айтқанда, біз келбетімізді жақсырақ өзгертуге көмектесетін гаджетке үміт артамыз. Қап, 2018 жылда бұл арманымыз орындалмас. Оның орнына, CES 2018 көрмесінде сіз көретін сұлулық технология макияж дүкендері мен сән салондарына ене бастайды.

Panasonic компаниясының ақылды айнасы

Бьюти компаниялар қолданыстағы косметикалық бағыттарды ақшалы ету тәсілі ретінде өздерінің гаджеттерін жасайды. Қандай макияж немесе тері ерекшеліктеріне байланысты қандай өнімдерді қолдану туралы кеңес беретін құрылғыларды құру үшін техникалық компаниялар ірі бьюти брендтерімен жұмыс жасайды. Біз оны Sephora және Meitu қосымшаларымен қалай болатынын көрдік. Сонымен бірге, өткен жылы HiMirror теріңіздің денсаулығына байланысты кеңестер беретін ақылды айнаны ұсынды. Көптеген бьюти компаниялардың өнімдерін ұсынатын бір ақылды айна болатынына біз сенеміз. Бірақ қазіргі уақытта сіз бөлек бьюти компания үшін арнайы айналарды көресіз.  
Бұл CES 2018 көрмесінде болатын салаларға қысқаша шолу. Жақын арада CES 2018 көрмесіндегі көрген қызықты заттар туралы қазақ тілінде ақпарат жазамыз.